Шымкент қаласын көгалдандырудың концепциясы жасалады

1413
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласын көгалдандырудың жаңа концепциясы жасалады. Бұл жөнінде Мұрат Әйтеновтің М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдарымен кездесуі барысынды белгілі болды.

Кездесу барасында университет ғалымдары өздері дайындаған жобаларымен таныстырды. Атап айтқанда қаланы көгалдандыру бойынша 5 жоба дайындаған: «Ботаникалық бақ», «Жасыл белдеу», «Көшелерді көгалдандыру» және «Этнопарк». Аталған жобалар негізінде бюджеттен қаржы бөлу, сондай-ақ оны іске асыру жолдары талқыланды.

Ал, өндіріс бойынша екі жоба әзірлеген. Кальций корбанатын алу және минералды тыңайтқыштар жасау мен өндірудің жаңа технологиясы. Бұл жобалардың әрбірінің құны 300 миллион теңгені құрайды.

Өндірістік жобаларға «Kazakh Invest» ҰК» АҚ арқылы шетелдік ғалымдарды да тарту көзделіп отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптардың ұсыныстарын зерделеген қала әкімі Мұрат Әйтенов іске асырылатын жобалардың ішіне ирригация мәселесін де ендіруді және ғалымдарды тарта отырып арнайы жұмысшы тобын құруды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер