Еңбекші ауданында карантин талабын бұзған қоғамдық тамақтану орны анықталды

1335
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының аудан аумақтарында қоғамдық орындарда карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары жалғасуда.

Еңбекші ауданы бойынша мобильдік топ аудан аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарына кезекті бақылау іс-шарасын ұйымдастырды. Нәтижесінде қоғамдық тамақтану орнында карантин талабын бұзу жағдайы, яғни отбасылық іс-шара өтіп жатқаны анықталды. Кәсіпкерлік нысан басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ауданда жергілікті полиция қызметі, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі, аудан әкімдігінің мамандарынан құралған 4 мониторингтік топ жұмыс істейді.
Аудан әкімдігі қала тұрғындарына өзінің және өзгелердің денсаулығына немқұрайлы қарамауға, отбасылық іс-шараларды өткізбеуге және барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтауға шақырады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Пікірлер