Шымкент: №105 мектеп ауласы көгалдандырылады

2159
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мыңға жуық отбасы қоныстанған Бадам-1 тұрғын алабына барды. Бүгінгі таңда аталған тұрғын алаптың басты мәселесі - №105 жалпы орта мектебінің ескі ғимараты болып тұр. Ата-аналардың алаңдаушылығын назарға алған қала әкімі апатты ғимараттың жағдайымен танысып қайтты.

2015 жылы №105 орта мектептің жанынан 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілген. Онда қазір 900-дей оқушы білім алады. Мектеп қазақ-өзбек тілдерінде жүргізіледі. Білім ордасында 90-ға жуық мұғалім дәріс береді.

Ал мектептің ескі нысаны жарамсыз күйде тұр. Балалардың қауіпсіздігін сақтау үшін Мұрат Әйтенов апатты ғимаратты тез арада сүру туралы тапсырма берді.

- Мектеп - балалардың қауіпсіз білім мен тәрбиені қатар алатын негізгі мекені. Сондықтан ескі ғимаратты бұзып, орнын көгалдандыру қажет. Мектеп ауласында балалар емін-еркін жүре алуы қажет, - деді.

Алдағы уақытта көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін аудан әкіміне бюджетке өтінім беру жөнінде тапсырма жүктеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер