БАӘ алкогольге, суицидке, азаматтық некеге тыйым салмайды

2758
Adyrna.kz Telegram

БАӘ билігі алкоголь ішкендерге, өзіне қол жұмсағысы келгендерге қатысты жазаны алып тастады және неке қиылмаған жұптарға бірге тұруға рұқсат етті, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Сенбіде БАӘ президенті Халифа бен Зейд Әл Нахайян жеке статус және азаматтық қатынастарға қатысты  қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге өзгерістер енгізуді бекітті. Атап айтқанда, "ар-намысын қорғау үшін жасалған қылмысты" жеңілдетуді қарастыратын бап алып тасталды.

Өзгертулер енгізілгеннен кейін БАӘ-де алкоголь ішу қылмыс болып есептелмейді. Енді 21 жастан асқан азаматтарға жеке немесе белгілі бір қоғамдық орындарда алкоголь ішуге болады. Бұған дейін БАӘ-де мұсылман емес, жасы 21-ден асқан туристер мен шетел азаматтарына ғана алкоголь ішуге және сатып алуға рұқсат еді.

Бұдан басқа, басылым мәліметінше, енді өзіне қол жұмсауға тырысқандар қылмыстық жауапқа тартылмайды және некесі қиылмаған жұптарға бірге тұруға рұқсат етілді.

Сондай-ақ, БАӘ-де әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасағандар үшін жаза қатаңдатылған.

Пікірлер