ӨМІР ШЫНЫБЕКҰЛЫ: Көрші елдер берген сабақ

2803
Adyrna.kz Telegram

Көрші елдер берген сабақ

Армения.

Халықтың қолдауымен билікке келгеннің (Пашинян) бәрі бірдей мемлекетті басқарып кете алмайтынын көрсетті..

Беларусь.

Жемқорлыққа бармаса да, бір адамның мемлекетті ұзақ басқаруы халықты шаршататынын көрсетті..

Қырғызстан.

Білім және тәрбие саласына көңіл бөлінбеген елде біраз жылда #демократия деген желеумен кәдімгі бандиттер билікке таласа бастайтынын көрсетті.

АҚШ.

Мақтаулы деген демократиялық елдің өзінде сайлаушының дауысын ұрлауға болатынына куә болдық (Бүргенің аяғын санаған Трамп бекерге соттаспайды).

Қорытынды:

"Түйені жел шайқаса, ешкіні көктен ізде"

Егер демократиясының тарихы 200 жылдан асатын АҚШ-ң өзінде дауыс ұрлау мүмкін болса, бізге сайлау науқанын ұйымдастыру мен сайлауға дейінгі 2 ай ішінде дауыс санау жүйесін өзгертпесек болмайтын секілді..

Мұндағы ең үлкен қауіп - мұғалімнің беделінің біржола түсуі мүмкін..

Осы соңғы пікірімді қаңтар айында БжҒМ министрі А.Аймағамбетовтің өзіне де айтқан болатынмын..

Пікірлер