Қазақстанның киберқалқаны

1454
Adyrna.kz Telegram

Ғаламтордың біздің өмірімізге дендеп енгені белгілі. Қазіргі күні интернет иірімдерінсіз ісіміз жүрмейді. Біз туралы көп мәлімет сол ғаламтор желісінде екені де жасырын емес. Элекрондық цифрлық қолтаңба арқылы барлық ресми құжаттарды ресімдеуге, неше түрлі заңды- құқықтық операциялар жүргізуге қол жеткіздік. Сауданы да, алыс-беріс қаражатты да ұялы телефонның көмегімен әп-сәтте жүргізе саламыз. Мұның бәрі әрине, ыңғайлы, тиімді, оңай  болғанымен қауіпсіздік жағынан сенімсіздеу.

Сондықтан да  әрбір мемлекет өз азаматтарының, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың, ұйымдардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды қолға алуда.

Вирустар, спамдар, фишинг – бұл қарапайым азаматтарға да, компанияларға да, тіпті тұтат  мемлекеттерге жасалатын   де шабуылдардың элементтері.

Ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік) – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық – коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қатерлерден қорғалуының жай-күйі.

Қазақстанда Киберқауіпсіздік бойынша шаралар да мемлекет деңгейінде қабылдануда. Біздің елде осы киберқауіпсіздікті қолға алу мақсатында 2017 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Үкіметі киберқауіпсіздік тұжырымдамасын ("Қазақстанның Киберқалқаны") бекіткен елі. Ол электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін қорғау, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттарын айқындайды.

Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы жолдауында: "жаңа технологияларды енгізе отырып, мемлекет пен компаниялар өздерінің ақпараттық жүйелері мен құрылғыларының сенімді қорғалуын қамтамасыз етуі керек. Бүгінгі таңда киберқауіпсіздік ұғымы тек ақпаратты ғана емес, сонымен қатар өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды басқаруға қол жетімділікті де қамтиды. Осы және өзге де шаралар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында бейнеленуге тиіс", деген еді.

Осы Тұжырымдаманың негізгі мақсаты Жаһандық бәсекелестік жағдайында Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететін сыртқы және ішкі қатерлерден электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қорғалу деңгейіне қол жеткізу және оны қолдау болып табылады.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады: біріншісі 2017-2019 жылдарды қамтыса, екіншісі 2019-2022 жылдарға тиесілі.

"Оң серпінді одан әрі қамтамасыз ету үшін, экономикамызды халықаралық және жергілікті киберқылмыстың өскелең қаупінен қорғау үшін күш-жігер жұмсау қажет. Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамдарына сәйкес, 2022 жылға қарай киберқылмыстан әлемдік экономикаға келтірілетін залал $8 трлн асуы мүмкін", – деген еді өз сөзінде  Асқар Мамин.

ESET компаниясының өнімдер мен сервистерді техникалық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Сергей Кузнецовтың пікірінше:" Орталық Азияның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстанның киберқауіпсіздігі сөзсіз жақсырақ", – екен.

Бұл қуантарлық пікір болса да, арқамызды кеңге салуға болмайды. Біз киберқалқанды қаншалықты мықты қыла түссек те шабуылшылар өз айлаларын да  асыруға тырыса түсетіні белгілі.

Пікірлер