Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 аппарат жібермек

2236
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі коронавирус инфекцияcымен күрес аясында Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанға өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) мобильді аппараттарының 400 жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жеткізіледі.

«Шешім қырғыз тарапының халықты медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында ресми түрде жүгінуіне байланысты қабылданды»,-делінген хабарламада.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер