Қазақстандық UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

4444
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/3bcd9840-c1b2-49d5-bc97-fcb0620f6242.jpeg
Үздік қазақстандық файтерлердің бірі Арман Әшімов UFC-мен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жайлы Arlan MMA Pro Team командасының жаңадан сайланған басшысы Дархан Бәкенов мәлімдеген.
— Арман UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. Жақында осы ұйымның атынан жекпе-жекке шығуы керек. Қазіргі таңда ол АҚШ-та жұмыс визасын күтіп отыр,- деді Бәкенов.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии