Ел мен ердің рухын көтерген дода

2469
Adyrna.kz Telegram

«Абылай хан» Кәсіпқой спорт клубында 15-16 қазан күндері Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушыларының құрметіне кикбоксингтен мықтылар арасындағы еске алу арналған турнир болып өтті.

Қазақстан Республикасында кикбоксингтің дамуына ерекше үлес қосқан жаттықтырушылар ҚР спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Азат Нәдірбеков, бокстан СССР спорт шебері, кикбоксингтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Асылкан Басурманов, ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі қазы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Елтай Балтабеков, ҚР спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Петр Мурзов, ҚР спорт шебері, халықаралық дәрежедегі қазы Яков Калинин, Әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Асқар Кохановтардың рухын еске алып, турнирге қатысушы спортшылар мен көрермендер, ұйымдастырушылар бір сәт үнсіздікпен құрмет көрсетіп, байрақты бәсеке басталып кетті.

img_0296Жарыстың ашылу салтанатына ҚР Кикбоксинг Федерациясының президенті Есентаев Тастанбек Құтжанұлы, ҚР кикбоксинг спорт түрінің негізін салушы даңқты спортшылар Сабыржан Махметов, Сансызбай Ыбыраев, Секен Мұхаметжанов, «Абылай хан» кәсіпқой спорт клубының басшысы Жомарт Сәдуақасовтар қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған дүбірлі додада кикбоксингтің фулл контакт және К-1 түрлерінен жеңімпаздарды анықтады. Еліміздің әр аймақтарынан 80 спортшы қатысқан жарыс тартысты өтті. Спортшылардың шеберліктері сынға түскен сәтте ешкімде аянып қалмады.

img_7569Есентаев Тастанбек Құтжанұлы, ҚР Кикбоксинг федерациясының президенті: - «Мықтылар арасындағы турнир биыл төртынші жыл өткізіліп отыр. Бұл турнирға тек еліміздің ең таңдаулы спортшылары қатысады. Еліміз кикбоксинг спорт түрінен әлемдегі маңдайалды елдердің қатарына кіреді. Алаштың атын әлемге танытып жүрген кикбоксшылар аз емес. Біздің басты мақсатымыз жастарды салауатты өмірге тәрбиелеп, денсаулықтарын ғана шыңдап қоймай, рухы биік, отансүйгіш, білімді, білікті азаматтарды қалыптастыру. Осы жастар келешекте спорт саласында ғана емес, басқа да салаларда қызмет жасап, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатындықтарына сенемін».

img_0302Жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, спорт және дене шынықтыру комитетінің, Алматы қаласы Түріксіп ауданы әкімдігі, ҚР Кикбоксинг федерациясының, «Абылай хан» кәсіпқой спорт клубының қолдауымен өткізіліп отыр.

Жарыс қортындысы бойынша фулл контакт түрінен 51 кг салмақ дәрежесінде Сәлімгерей Ж (Атырау), 54 кг – Шағбан Е (Астана), 57 кг – Қанапиянов А (ШҚО), 60 кг – Дюсупов А (Атырау), 67 кг – Усип М (Тараз), 71 кг – Бауыржанұлы Б (ШҚО), 75 кг – Тоқтаров М (Қостанай), 81 кг – Қанаев Ғ (ОҚО) 86 кг – Жақсенби Б (Алматы), 91 кг – Жантұрсынов А (Тараз) жеңімбаз болса, К-1 түрінен 54 кг – Иваншенко М (ШҚО), 57 кг – Назарбеков Ж (Атырау), 60 кг – Фазылхан Б (Астана), 63,5 кг – Орынбай А (Тараз), 67 кг – Нұрғалиев Қ (ШҚО), 71 кг – Шынтемров Б (Қарағанды), 75 кг – Жүнісов А (Қызылорда), 86 кг – Искаков Ш (Ақтау), +91 кг – Бекенов Е (Астана) жеңімпаз атанды.

img_8015Жеңіс тұғырына көтерілгендер бағалы силықтармен қоса ырымдап қазақтың қайыстан өрілген таспа қамшысы мен тастағы ежелгі таңбалар суреттелген кәдесилар табысталды. Бұл спортшылардың еліміздің тарихын біліп, осы елдің егесі мен шегесі болыңдар деген тілегі. Елдің қорғаны аптал азаматтардың жеңісті жолы жалғаса берсін.

Ардақ БЕРКІМБАЙ

img_8107

Пікірлер