Оңдасын СЕЙІҰЛЫ: Тұрғындардың көкейкесті мәселелеріне көңіл бөлеміз

1177
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ақпараттық агенттігі оқырмандарға қызығырақ болар деген оймен Ақтөбе облысының тыныс-тіршілігі туралы сұхбаттар мен мақалалар сериясын ұйымдастыруды қолға алған еді. Ендеше облыстың қоғамдық-саяси ахуалы турасындағы портал тілшілерінің  Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлынан алған мәлімдемесін назарларыңызға ұсынамыз.

 

Ақтөбе облысы бойынша қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Жыл сайын облысымыздағы қоғамдық ахуалды анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеулер тұрақты жүргізіледі. Жүргізілген әлеуметтік зерттеулер облыс тұрғындарының мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстарын қолдайтындығын көрсетеді. Облыс басшылығы тұрғындардың көкейкесті мәселелеріне (жолды жөндеу, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, мектеп, балабақша салу т.б.) көп көңіл бөлуде. Мұның барлығы тұрғындардың ризашылығына ие болуда. «Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жерлес-меценаттарының көмегімен барлығы 945 млн. 835 мың теңгеге 368 жоба жүзеге асырылды. Оның ішіндегі ірі жобалар – Ақтөбе қаласында «Ер Едіге» қоғамдық қорының демеушілігімен  жоба құны  40 млн. теңге тұратын Ер Едіге батырдың ескерткіші және  жоба құны 120 млн. теңгені құрайтын Есет батыр Көкіұлының ескерткіші, жоба құны 7 млн. теңге тұратын «Тәуке хан» спорт алаңы ашылды. Облыста жарияланған карантин кезінде қайрымдылық шаралардың да саны артты. Облысымызда қайрымдылық шара бойынша қайырымды меценанттар мен волонетерлар қатарының саны артып келеді. Төтенше жағдай режимінде облыстық волонтерлар штабы кұрылып, құрамына 300-ден астам волонтер жұмылдырылды Төтенше жағдай режимі кезінде волонтерлармен #Бізбіргеміз акциясы аясында  барлығы 374 шара  ұйымдастырылып, 4356 отбасыға азық-түлік, 16 мың адамға медициналық маскалар таратуда, үй жағдайында ем қабылдайтын 200 ардагер қарттарға жергілікті поликлиникалардан дәрі-дәрмектер жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Облыстың жеке кәсіпкерлері тарапынан «Біз-біргеміз» акциясы қолдау тауып,облысымыздағы әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы 10873 отбасына 73,8 млн теңге көлеміндегі (азық-түлік пакеті, гигиеналық құралдар, маска және ақшалай қайырымдылық) көмектер көрсетілді.

 

 «Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер