Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 желтоқсанда өтеді

2979
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/11/golovkin.jpeg
IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) 18 желтоқсанда АҚШ-та өтетін поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жегіне дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап. Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы мен DAZN стриминг сервисі аталған оқиғаны ресми түрде жариялады. Жекпе-жек Американың Флорида штатындағы Hard Rock Hollywood казино-қонақүйінде өтеді. — Бұл жай ғана жекпе-жек емес. Бұл айқастың үлкен мәні бар. Мен әрқашан барлық қарсыласыма үлкен құрметпен қараймын. Өзім шынымен боксты сағындым, осы жылы жекпе-жек өткізгім келді. Менің мақсатым – 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғау, - деді Головкин.  

Сурет fergana.agency

Комментарии