Дін мен дәстүр

4894
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, Қазақстан халқының дәстүрлері мен мәдени құндылықтарына сәйкес сананы қалыптастыру мақсатында «Social Development Center» қоғамдық қоры Алматы қаласы прокуратурасының қолдауымен«Дін мен дәстүр» әлеуметтік жобасын жүзеге асырды.

Жобаның негізгі мақсаты – қазақ халқының дәстүрлері, тарихи және мәдени құндылықтарын насихаттау және дәстүрлі руханият негіздерінің деструктивті ағымдар идеяларымен өзара үйлеспейтіндігін түсіндіру болып табылады. Бүгінгі таңда дүниежүзілік эпидемиялық жағдайларға байланысты жобынаның өтілуі онлайн форматта іске асты. Іс-шараға белгілі теолог мамандар, исламтанушылар, дінтанушылар, елімізге танымал біршама діни өкілдер ат салысты. Оның ішінде ЖОО-ы мен колледж студенттеріне арналған 20 онлайн дәріс сабақтары ZOOM әлеуметтік қосымшасы арқылы, дін өкілдерінің Instagram әлеуметтік парақшаларында 15 тікелей эфир ұйымдастырылды. Дәрістер мен тікелей эфирлерді дін саласындағы атап өткенде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, дінтану ғылымдарының PhD докторы Бағашаров Құдайберді Сабыржанұлы, Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының теологы Стамбакиев Нұржан Жақсылықұлы, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторыШағырбай Алмасбек Дүйсенбекұлы сынды т.б. білікті мамандар жүргізді. Сонымен қатар, «Taunews», «NUR.KZ»  жаңалықтар порталдарының Instagram парақшаларында екі тікелей эфир өткізілді. Сұхбат Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы төрағасының орынбасары, ҚМДБ наиб мүфтиі Оңғаров Ершат Ағыбайұлы және ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Төле Би» мешітінің бас имамы Ерсін Әміремен жүргізілді.  Сұқбат барысында дін мен дәстүрдің сабақтастығы, салт-сана мен діни танымның өзара байланысы, ислам дінінде шаңырақ құру мәселесімен қазақ  халқындағы жеті атаға дейін қыз алыспаған сынды тақырыптарда әңгіме қозғалды. «Діни білімді шет елде алудың қаупі бар ма?»,  «Террорлық ұйымдар заңсыз медреселер арқылы қалай әрекет етеді?» деген маңызды сұрақтарға жауап берілді. Қазіргі таңдағы деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар ұлттық салт-дәстүрлерді жоққа шығаруы мысалы, жеті шелпек пісіру, келіннің сәлем салуы, шашу деген сияқты дүниелердің тәжірбиеде кездесіп жатқандығында тілге тиек етті. Қазақ халқының мәдениет дәстүрін насихаттаумен қатар, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілері түсіндірілді. Жоба аясында Алматы қаласы діни жастарының шамамен 70 000-нан астам өкілін қамтыды.

Бұл жоба экстремизм мен терроризм қауіп-қатерлерінің алдын-алу саласындағы өзекті мәселелерді шешудің нормативтік және ұйымдастырушылық негізі болып табылатын Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылып отыр.

Пікірлер