Жетімдерге бөлінген ақшаны қалтасына басқан

3321
Adyrna.kz Telegram

Арқалық қаласындағы мамандандырылған балалар үйінің бас дәрігері сотталды, деп хабарлайды «Адырна» «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Ол үш жыл бойы мекемеде үш миллион теңгенің азық-түлік тауарын ұрлаған. Сондай-ақ бір миллион теңгеге бағаланған жанармайды заңсыз жолмен иеленген.

Басшы өз кінәсін толық мойындаған жоқ. Бірақ жәбірленушілер мен куәгерлердің берген жауаптары, сараптама қорытындысы кінәні растап отыр.   

«Айыпталушының келтірілген шығынды өтемегенін негізге ала отырып, сот мүлкін тәркілемей 5 жылға дейін бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Айыпты тұлғаға мемлекеттік қызметте өмір бойы еңбек етуге тыйым салынады. Жазасын орта дәрежедегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ»,- деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Зәуре Едікова.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер