Twitter нәсілдік кемсітушілікке тыйым салды

2007
Adyrna.kz Telegram

Twitter әлеуметтік желісі  «адамның қадір-қасиетін төмендететін» тізімге нәсіліне, этносына және ұлттық тегіне байланысты дискриминацияға қарсы жаңа ережелер енгізді.

"Бұл саясат дін, каста, жас, мүгедектік және ауру негізінде адамның қадір-қасиетін қорлайтын мәлімдемелерге тыйым салуды қамтиды. Зерттеулер адамның қадір-қасиетін қорлайтын сөздер нақты зиян келтіруі мүмкін екенін растайды және біз бүкіл әлемде көптеген адамдардың қорғалуына қол жеткізгіміз келеді... Біздің ережелеріміз адамдарды қорғау үшін үнемі жаңартылып отырады. Бүгін біз нәсілге, этникалық және ұлттық шығу тегіне байланысты адамның қадір - қасиетін түсіретін мәлімдемелермен күресу үшін "жеккөрушілік мінез-құлық" саясатын кеңейтудеміз", - делінген Twitter әлеуметтік желісінің блогында.

Әлеуметтік желі платформасында осыған ұқсас мазмұндағы хабарламалардың болуы туралы хабарлама алғаннан кейін пайдаланушылардан осы твиттерді жоюды талап етеді. Компания сонымен қатар ережелерді бұзатын хабарламаларды анықтау үшін автоматтандырылған механизмдерді қолдануға ниетті.

Егер пайдаланушы "Twitter ережелерін бірнеше рет бұзуды жалғастырса, біз аккаунтты уақытша бұғаттай аламыз", - деп хабарлайды әлеуметтік желі.

Фото ашық дереккөзден алынды

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер