Қазақстандықтар 2021 жылы неше күн демалады?

3327
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылға арналған өндірістік күнтізбені жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми сайтта көрсетілген ақпаратқа сүйенсек, келесі жылы бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар 120 күн, алты күндік жұмыс істейтіндер 68 күн демалатын болады.

2021 жылғы жұмыс уақытының балансын құру кезінде Заңның нормаларын есепке ала отырып, демалыс күндеріне (сенбі, жексенбі) сәйкес келетін мереке күндері мерекеден кейінгі жұмыс күніне ауыстырылды:
бес күндікте:
2 қаңтардан 4 қаңтарға;
21 наурыздан 24 наурызға;
1 мамырдан 3 мамырға;
9 мамырдан 10 мамырға.
алты күндікте:
21 наурыздан 24 наурызға;
9 мамырдан 10 мамырға.

Кодекстің 84-бабына сәйкес бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады.

Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады. 2021 жылы Құрбан айттың бірінші күні 20 шілдеге тура келеді.

Қазақстан Республикасындағы атап өтілетін мереке күндері:
1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
6 шілде - Астана күні;
30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні.
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер