"Мемлекет дінге қарсы болмауы керек",-дейді Телібеков

10207
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттің дін саласындағы қазіргі саясаты қаншалықты өзара тең? Мемлекет дінге қатысты ұстанымын күшейтуі керек пе, немесе, керісінше, одан алыстауы керек пе? Қазақстанда барлық конфессиялар мемлекеттен тыс болуы керек деген қағида сақтала ма? Бұл тақырыптарды мұсылман қоғам қайраткері Мұрат Телібеков талқылап, пікір білдірді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы Qmonitor.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бүгінде дін-саясаткерлердің жіті назарында. Себебі, миллиондаған адамдардың санасын басқаруға мүмкіндік беретін бұл қуатты "құрал" қауіп төндіруі де ықтимал деп санайды. Дінді жақсы мақсатта қолдануға болады немесе оны атом бомбасына ұқсас жойқын күшімен өлімге әкелетін қаруға айналдыруға болады. Егер әлемдік державалар ядролық қарудың таралуын бақылауды өздерінің міндеті деп санаса, онда діни салада болып жатқан процестер мұндай бақылаудан тыс қалады деп сену қисынсыз. Ең алдымен, бұл ең пассионарлы дін болып табылатын және көптеген елдерде саяси тұрақсыздықтың қайнар көзіне айналған исламға қатысты.

Әзірге Қазақстан діни экстремизмнің таралуына қарсы тұруда және салмақты саясат жүргізуде. Кейбір Орта Азия республикаларынан айырмашылығы, бізде мұсылмандарға сақал қоюға тыйым салынбайды, мемлекеттік қызметшілер Меккеге қажылыққа барып, намаз оқиды. Мен биліктің мінез-құлқындағы белгілі бір икемділікті атап өткім келеді. Естеріңізде болса, бірнеше жыл алдын бұрынғы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі қоғамдық орындарда пәренже киюге тыйым салуды көздейтін заң жобасын ұсынған болатын, алайда мұсылман әйелдер әлі күнге дейін қала көшелерінде мұсылманға тән пәренже, хиджаб киімдерін емін-еркін киіп жүр.

Мұндай норманың абсурдтығын түсініп, депутаттар заң жобасын ұзақ мерзімдік қорапқа жайлап итеріп жіберді, содан кейін ол туралы мүлдем ұмытып кетті. Бұл маған өте ұнайды. Мемлекет қайраткерлері шетелде болып жатқанның бәрін ойланбастан қайталай отырып, тотықұсқа ұқсай алмайды. Белгілі болғандай, француз президенті Саркози бір уақытта пәренже киюге тыйым салатын заң шығарды және көптеген билеушілер бұл тәжірибені бірден қабылдады. Ол, әрине, ақымақ жігіт, бірақ кейде оны да қолдайтындар табылады. Ал, француздар ең қисынсыз заң туралы сұрасаң, иегін қасып, үндемей қалады.

Мемлекеттің діни өмірге қатысуын жандандыруы керек пе? Бұл мәселеге екінші жағынан келейік. Жасыратыны жоқ, бүгінде дін қоғамның адамгершілік тәрбиесімен байланысты миссияны өз мойнына алды. Мұның еш жаман жері жоқ. Бұл барлық уақытта болды: толыққанды ұлттық идеологиясы жоқ елде бұл жүкті жиі дін өз мойнына алатыны заңдылық. Біздің мемлекеттік шенеуніктер коммунистік моральды алмастыра алатын нәрсені ойлап табуға қанша тырысса да, одан әлі ештеңе шықпады.

Жұма намазы кезінде мешіттерде не болып жатқанына қараңыз. Бірде-бір партия жиналысы мұндай үлкен аудиторияны жинамайды. Мұның себебі неде?! Жауап көңілге қонымсыз, сондықтан мен оны айтпаймын. Мен бір ғана нәрсені айтайын: мемлекет дінге қарсы болмауы керек, оны бөтен және дұшпандық нәрсе ретінде қарастырмауы керек. Дін - адамзат өркениетінің ажырамас бөлігі. Әлемде діни сенімде болмайтын бірде-бір халық жоқ. Бірақ ең таңқаларлық нәрсе-бұл басқа. Ғылым мен технологияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, өркениет неғұрлым прогрессивті болса, сенушілер аз болуы керек сияқты. Алайда, іс жүзінде біз керісінше суретті көреміз. Бұл үшін ұтымды түсінік жоқ. Сондықтан оны басқа тұстан іздеу керек. Әзірге біз бұл жұмбақты шеше алмаймыз.

Қазақстанда барлық конфессиялардың заң алдындағы тең құқылығы қағидасы сақтала ма? Әрине. Егер сенуші қылмыс жасаса, онда ол үшін Қылмыстық кодексте арнайы бап қарастырылмаған. Егер біз саяси өмірге қатысу туралы айтатын болсақ, онда жағдай басқаша. Рождество мен Құрбан Айт біздің елімізде мемлекеттік мерекелер деп жарияланды, ал еврей немесе Кришна атаулы күндері оларға жатпайды. Мұнда дискриминация бар ма? Абстрактілі түсінікті әділеттілік тұрғысынан-иә. Жердегі шындық тұрғысынан-жоқ. Бұл адам құқықтарын реттейтін әмбебап кодекс жоқ деген пікірге тағы бір дәлел. Әр ел, ұлт, өркениет өзіндік құндылықтар шкаласын жасайды.

Егер мешіттер мен діни университеттерді мемлекеттік қаржыландыру туралы айтатын болсақ, менің ойымша, бұл дұрыс саясат. Мұндайды өз бетімен жіберуге болмайды. Қатаң жолын кесу тіпті сұрықсыз құбылыс болар еді. Біздің діни қайраткерлер  қаржыландыру көзін шетелден іздейді, дін үшін шетелдік қолдаушыға алақан жаяды. Ақша беретін адам, әрине, өз шарттарын белгілейді және сайып келгенде, не істеу-істемеу ережелерін де анықтайды.

Мемлекет пен діни институттар арасындағы қазіргі қарым-қатынас еліміздің Конституциясына тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетеді. Мен не айтайын? Біріншіден, бар шындық. Ол мемлекет рухани мекемелердің өмірін бақылайды, Бас мүфтиді тағайындайды, ҚМДБ саясатын анықтайды, діни кадрларды даярлауға қамқорлық жасайды, дін қызметкерлеріне қаржылық көмек көрсетеді, экстремистік үрдістерді басады, мешіттер салуға көмектеседі. Көптеген адамдар үшін бұл айқын нәрселер саяси құпия болып табылады. Біздің ресми топтар осы мәселеге кенеттен керісінше дау айта бастағанда, бұл әрине, күлкі тудырады.

Осылайша, Конституцияда жоғарыда айтылғандарды заңдастырып, "әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар" деген кең мағынада емес, діннің оның дамуына жауап беретін мемлекеттің ажырамас бөлігі екенін көрсету керек. Сондай-ақ, 1-баптан Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады деген тұжырымды алып тастау қажет деп санаймын. Мұндай саралау XIX ғасырдың өнімі болып табылады. Ежелден бері дін кез-келген мемлекеттің органикалық бөлігі болған және "зайырлы мемлекет" немесе "діни мемлекет"деген сөздердің қажеті жоқ. Бұл Қазақстанның мәдени мемлекет, өйткені онда мәдениет бар, немесе ғылыми мемлекет, өйткені онда ғылым дамиды деген пікірмен тең. Мұндай атаулар ескірді, біз оларды инерция арқылы мағынасы туралы ойламай-ақ жиі қолданамыз..."

Орыс тілінен аударып, дайындаған

Рауана ДИМАШҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер