Мақтануға негіз бар

1189
Adyrna.kz Telegram

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың әрбір оқытушысы, студенті мен түлегі мақтаныш сезіміне бөленеді: университет QS жаһандық рейтингінде 165-орынға көтеріліп, әлемнің үздік 200 университетінің қатарына кіреді. Болонья қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойған Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірінші болып, университет тұрақты даму бойынша БҰҰ-ның "Академиялық ықпал" бағдарламасының Жаһандық Хабы ретінде әрекет етеді. ҚазҰУ жаңа буын университеті – "Университет 4.0"моделін әзірлеп, енгізді.

ҚазҰУ, сонымен қатар, әлемдегі ең экологиялық жағынан таза топ-200 және технологиялық дамыған топ-50 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасының "АА+" жоғары бағасын алып, Қазақстан Университеті Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарымен бір қатарда тұр. Осы жетістіктердің барлығы ҚазҰУ-ды түркі және ислам әлемінің үздік университеті деп тануға ықпал етті.

Уиверситеттің бастамасымен 12  шет елінде әл-Фараби орталықтары құрылды. Жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізілді, олардың көпшілігі халықаралық аккредиттеуден өтті. Статистикалық деректер ҚазҰУ ғалымдарының Thomson Reuters және Scopus компанияларының халықаралық деректер базасында индекстелетін шетелдік рейтингтік басылымдардағыжарияланымдарыныңең көп саны бар екенін көрсетеді.

Жетекші шетелдік университеттермен бірлесе отырып, қос диплом бағдарламалары мен ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда, соның арқасында ҚазҰУ-да Қазақстандағы ең көп шетелдік студенттер білім алуда.

Барлық осы нәтижелердің артында адамдар – басқарушы персонал және ең алдымен профессорлық-оқытушылық құрам тұр.

 

Қасен Г.А.

Абдуллаева П.Т.

Пікірлер