Аралас мектептерден арылған дұрыс

2539
Adyrna.kz Telegram

Айтыскер ақын, ф.ғ.к. Балғынбек Имашев "Салмақты сұхбат" халықаралық онлайн студиясының қонағы болды.

"Салмақты сұхбаттың" модераторы, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, "Лингвистика" мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Қуаныш Жұмабекұлы Балғынбек Имашевқа төмендегідей сұрақтар қойды:

1) Сіздіңше, ұлтшылдық дегеніміз не?

2) Иманғали Тасмағамбетов бір сұхбатында
«Өкінішті-ақ, бірақ тіл мәселесі біз үшін өзінің өзектілігін әлі жойған жоқ. Жанашырлық ең бірінші биліктен бастау алу керек. Мәселе сонда. Билік қай тілде сөйлесе – халық та сол тілде сөйлейді», – деген болатын.

Биліктің қазақша ғана сөйлеуіне не кедергі деп ойлайсыз?

3) Қазақстан қазір моноұлтты мемлекет. Алайда бұл жердің автохтон этносы саналатын қазақтар параллель екі тілді әлемде өмір сүріп жатыр. Сондықтан біртұтас ұлт болып отыр деп айту қиындау.

Орыстілді мектептер мен аралас мектептердегі оқушылардың басым бөлігі қазақтар екені белгілі.

Қазақ балаларының қазақ тілінде білім алуы бойынша саяси шешім қабылдайтын уақыт келді ме, әлде тағы да күте тұрғанымыз дұрыс па?

Толық сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыздар!

Пікірлер