Баянның күйеуі «Құрмет» орденін TikТok-қа түскені үшін алған ба?

3971
Adyrna.kz Telegram

Инстаграм әлеуметтік желісінде әртіс Баян Мақсатқызы Алагөзова жұбайы Тұрсын Алагөзовке «Құрмет» атағын бергенін жазды. «Мой курмет» деп «Құрмет» төсбелгісін таққан Тұрсынның фотосын жариялағаны сол екен, оқырмандары сұрақтың астына алып, сыни пікірді қарша боратты.

Бірі «Бұл атақты жаңажылдық сыйлық секілді кім көрінгенге беруде» десе, енді бір оқырман «біреудің әйелін тартып алғаны үшін берілген болар» десті.

«Құрмет медалін ұстағанның қолына, тістегеннің аузына, бармақ басты көз қысты тамыр танысқа таратып қадірін кетірді ғой таң қалмайтын болдық. Мынау қандай еңбегімен алып мәз болып отыр» «Погремушкамен ойнап отырсын деп берген шығар» «Баянның күйеуі, сол үшин» «Баян "баласына" ойыншық сатып әперген екен ғой»...

Бір ғана фотоның астына жазылған пікірлердің басым бөлігі «не үшін «Құрмет» ордені Тұрсын Алагөзовке берілді?» деген сұраққа саяды. Бұл сұрақтарына нақты жауап ала алмаған бұл парақшаның оқырмандары әрі қарай өз беттерінше долбар да жасайды. «Бәлкім, Баянның байы болған соң берген болар?», «Бере салған болар?», «Ақшасы көп болған соң алған шығар?» деген сұрақтардың біріне «тик ток кім жақсы түсірсе солар алады ау?» деп жазыпты бір оқырман. Пандемия кезінде танымал адамдар көрермені мен оқырманына түрлі дүниелер сыйлағаны есте. Бірі ән айтып, әлеуметтік желіні «жарса», енді бірі би билеп жұрттың көңілін көтерген-ді. Осы карантин кезінде Баян мен күйеуі де әлеуметтік желінің жұлдызына айналғаны есте. Түрлі видеоларын салып, көптің талқысына ұшыраған қос ғашық бүгінге дейін видеоларды бұрқыратып жариялауда. Челлендждерді өздері қайталап, селкілдеп билеген Баян-Тұрсын видеолары ең көп қаралымға ие екені де шындық. «ТикТок»-тың жұлдызына да бұл жұпты карантин кезеңі айналдырған еді.

Расымен, Тұрсынды былайғы жұрт тек Баянның күйеуі ретінде ғана таниды. Оның ірі кәсіпкер екенін, «Макси шай» империясының басшысы екенін екінің бірі біле бермейді. Өкінішке қарай, жүрегінің әмірін тыңдаймын деп, яғни Баянға үйленген соң, Тұрсынның бизнесінің іргетасы шатқаяқтап, ақырында «Макси шайдағы» төрағалық орнын босатқаны мәлім. Дәл қазіргі кезде бұрынғы кәсіпкердің немен айналысып жүргені белгісіз. Қалай болғанда да, мемлекет тарапынан Тұрсын Алагөзовті «Құрмет» орденімен марапаттап жатса, демек осыған лайық болғаны да. Бір орден үшін сонша пікір айтып, сынап, мінеп жатқанымыз азаматтығымызға да сын емес пе, қалай ойлайсыз?

«Адырна» ұлттық порталы.

Фото инстаграм парақшасынан алынды.

Пікірлер