Петропавл атауын өзгертуді талап еткен жастар қалаға кіріп келді

2187
Adyrna.kz Telegram

Петропавл қаласының атауын өзгертуді талап еткен “Намыс” жастар қозғалысының белсенділері аймақ басшысы Құмар Ақсақаловқа петиция жолдады деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Петицияны әкімге тапсыру үшін аймаққа арнайы келген жастар “біз күллі қазақтілді аудиторияның арызын арқалап келдік. Солтүстік қазақтандыру қажет” дейді.

ПЕТИЦИЯ
​Бүгінде елдің ауызбірлігін бұзуға, азаматтығымызға сына қағуға бәзбіреулер күш салып жүр. Орыстың Жириновский, Никонов, Федоров, Лимонов секілді шолақ саясаткерлерінің «Қазақ халқы болмаған», «Қазақстанның солтүстік аумағы Ресейдің жері» деген арандатушылығы белең алуда.
| DalaNews

​Осы шолақ саясаткерлердің арандатушылығы Қазақ еліндегі қоғамды, орыс тілді аудиторияны негізге алып, елді екіге бөлуге тырысуда.

Оның үстіне мемлекеттік маңызы бар Петропавл, Павлодар сынды қалалардың атауы шет тілінде болғаны олардың жұмысын жеңілдетіп отыр.

​Осындай арандатуышылыққа қашанғы бейжай отыра бересіздер?
​Сол себепті, жуық арада Петропавл қаласының атауын қазақиландыруды, байырғы атауы «ҚЫЗЫЛЖАР» атауын беруді және ана тіліміз, ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ үстемдігін арттыруды талап етеміз.
| DalaNews
​Солтүстік Қазақстандағы ағайын ана тілі, мемлекеттік тіл, қазақ тілінде сөйлемегенше қауіп-қатерден арыла алмаймыз.
“Намыс” жастар қозғалысының өкілдері
Петицияға қолдау білдіріп, қозғалыс белсенділерімен байланысу үшін төмендегі телефонға хабарласуға болады:
8 (747) 033 34 95
Эл.почта: 
namysty_bol@mail.ru
Пікірлер