Жаңа жылда алаяқтарға жем болып қалмаңыз.

2398
Adyrna.kz Telegram

2020  жылы әрбір үшінші қазақстандық қаржылық алаяқтарға тап болған. Алаяқтар көбінесе тұрғындардың ұялы телефондарына хабарласып, өздерін банк қызметкерліміз деп таныстырып отырған. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы 24.kz – ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Нәтижесінде республиканың әрбір сегізінші тұрғыны алаяқтардың қармағына түскен.  Қылмыскерлер жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өздерінің  арам істеріне белсене кірісулері мүмкін.  Ақпараттық қауіпсіздік мамандары олардың тұзағына қалай түспеудің жолдарын айтып өтті.

Ең біріншіден, банктер телефон шалу  арқылы клиенттердің төлем карталарының деректерін ешқашан сұрамайтынын естен шығармаған жөн. Өзіңіз  туралы жеке ақпарат ұсыну  қажет күмәнді интернет - конкурстар мен лотереяларға қатысудан бас тартқан дұрыс.

Бүкіл әлемде бизнес бәсекелестері хакерлердің қызметіне жүгіне бастады. Олардың көмегімен олар компанияның ақпараттық жүйелеріне шабуыл жасайды. Олардың мақсаты бір-бірінің  қорғаныстарындағы  әлсіз жерді тауып, олардың деректерін иемдену. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандардың айтуынша, Қазақстанда хакерлердің құрбандары шағын және орта бизнес өкілдері болып отыр. Шабуылдардың ең танымал тәсілдерінің бірі  фишингтік  хаттар жіберу. Бұл әдіс қызметкерлер арқылы қажетті ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Олардың пошталарына қызықты ұсыныстар келеді, мысалы, бренд дүкеніндегі жақсы жеңілдік туралы. Сол сілтемеге өту арқылы, қызметкер фирманың мәліметтер базасына қол жетімділікті ашады. Сондықтан кәсіпкерлер қызметкерлердің кибер сауатын арттыруға назар аударуы керек.

Интернет  дүкендерден  сыйлықтар сатып алу картадағы ақшаның толық жоғалуына әкеліп соғуы ғажап емес. Сондықтан жаңа жыл қарсаңында қазақстандықтарға қырағы болу керек. Әдеттегідей, осы кезеңде телефон алаяқтары мен  кибершабуылдар барынша көп болады. Сарапшылардың айтуынша, алаяқтар  тұзақ ретінде "бір реттік сайтты" қолдана алады, мұндай сайттарда  тауарлардың бағасы өте төмен болады. Егер интернет-дүкен көңілігіңізге  күдік туғызса, порталда заңды мекен-жай немесе меншік туралы мәліметтер бар-жоғын тексерген жөн. Сондай-ақ, желілік алаяқтар сайт-клондарды іске қосады. Бұл AliExpress, Wildberries немесе Amazon секілді  әйгілі интернет-дүкендердің көшірмелері. Осы платформалардан зат сатып алғанда, сайттың доменіне назар аударған дұрыс. Сарапшылар тек Интернеттен  зат  сатып алу үшін  қарастырылған жеке картаны қолдануға кеңес береді. Жарнама сайттарында алаяқтар көбінесе сатушылар ретінде  ғана емес, сатып алушылар түрінде де әрекет етеді. Мұнда да абай болу керек.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер