«Жеңді ме, жеңбеді ме?»: Асхат Садырбай «Әлем ханымы-2020» байқауы туралы пікір білдірді

6143
Adyrna.kz Telegram

Белгілі журналист Асхат Садырбай Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жеңімпаз атанған "Әлем ханымы-2020" байқауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Оның айтуынша, Әбдікәрімованың жеңісі туралы ақпарат тек отандық сайттарда ғана жарияланған.

« "Mrs. Universe 2020"-ға қатысты... Кешелі бері осы байқауға Қазақстаннан қатысқан Жұлдыз Әбдікәрімова бас жүлдені жеңіп алды деген ақпаратты оқып жатырмыз. Қуаныштымыз. Құтты болсын. Бірақ...Жаңалықтар жазатын шетелдік сайттарды ақтарсам бұл ақпарат тек қазақстандық сайттарда ғана жарияланған. Ресейліктер өз елдерінен қатысқан үміткер жеңді деп жазыпты. Түсініксіз.

Қайбір жылы Францияда өтетін “Intervilles” - “Намыс дода” халықаралық тв додасына барған біздің елдің командасы бас жүлдені жеңіп алған ғой. Ресейде ол шоу “Большие гонки” деген атаумен “Первый канал”дан көрсетілетін. Сөйтіп финалда бәрі Қазақстанды құттықтап, шампан атып, кубокты тапсырып аяқтаған. Бәрі біткен соң ресейлік әріптестер кубокты сұрап алып, Ресей жеңді қылып, өздеріне басқаша түсіріп алған. Бір ойын, бір кубок, әртүрлі нәтиже мен әртүрлі жеңімпаз.

Ал, енді мынау ханшайымдар сайысында да сондай бірдеңе болмаған шығар?»-деді ол.

Журналистің сауалына байқауда топ жарған актриса ресми жауап бермеді.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың "Әлем ханымы – 2020" атанғанын хабарлаған едік.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер