Осман халифатын аңсаушы Ердоған қоғамға қауіпті!

16039
Adyrna.kz Telegram

Франция президенті Э.Макрон мырзаның бастамасымен 9-шы желтоқсан,2020-жылы зайырлы Франция Республикасының  адам құқықтарын қорғау жөніндегі экстремизмге қарсы бағытталған заң жобасының мәтінін тәуелсіз дін сарапшысы ретінде толықтай қолдаймын. Сонау Француз революциясынан бастау алған, яғни еркіндік пен демократияның символына айналған  Франция мемлекетінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы кешенді түрде қабылдаған аталмыш заңға прогрессивті демократиялық Европа елдері де қолдау білдіреді деген үміттемін.
Әсіресе Франция үкіметі  халықаралық терроризм мен діни фанатизмге тиімді іс -әрекет пен мықты иммунитет қалыптастырған Израиль мемлекетінің тәжірбиесін негізге алса дұрыс болар еді . Өкінішке орай популизмге ұрынған ортағасырлық Осман халифатын аңсаушы Ердоған сияқты реакциондық диктатор саясаткерлер діни араздық пен ұлтаралық кикілжіңге апаратын діни-саяси риторика мен лозунгтарды отқа май құйғандай пайдаланып, арандату арқылы өркениеттік қақтығысқа итермелеп отыр.

Түркі тілдес елдердегі мекен еткен, соның ішінде Орта Азия мен Қазақстанда османшыл- ердоғаншыл діншіл топтардың көбейіп, бас көтеруі мені алаңдатпай қоймайды.

Меніңше, болашақта әлемдегі зайырлы-еркін демократиялық азаматтық қоғамға ең басты қауіп османшыл Ердоған бастаған халифатшыл- милитаристік Түркия мен теократиялық Иран екені айдай анық. Осы орайда ең маңызды болып табылатын Э.Макрон мырзаның осы өзекті бастамасы (заң жобасы) діни фанатизм яки экстремизмнен зардап шегіп отырған әлем қауымдастығына үлгі және бағыт-бағдар болатынына сенімдімін!

Құрметпен, ҚБ "Демос" төрағасы

 Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ .

"Адырна" ұлттық порталы. 

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер