Трамп Иран генералын өлтірді деп айыпталуда

2434
Adyrna.kz Telegram

Тегеран әл-Құдыс элиталық жасағының қолбасшысы, генерал Касем Сулейманидің өліміне Доналд Трампты кінәлайды. Бұл туралы елдің сот билігінің басшысы Ибрагим Раиси айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Трамп – Сүлейманидің өліміне жауапты нөмірі бірінші қылмыскер. Бірақ оны жазадан құтылып кетті деп санауға болмайды»,-деді ол.

Раисидің айтуынша, Иранда бұл істі заң жүзінде қарау үшін жеткілікті дәлелдер бар. Алдағы уақытта ол тергеуді жалғастырып, кісі өлтіруді ұйымдастырушылар мен мен қылмысты орындаушыларды жазаға тартпақ.

Еске сала кетейік, АҚШ әскерилері 3 қаңтар күні Бағдатта әуе шабуылын жасап, генерал Касем Сулейманиді өлтірген болатын. Көп ұзамай Иран қолбасшыны өлтіргені үшін АҚШ-тан кек алатынын мәлімдеді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер