Әлем чемпионымен жекпе-жек: Әлімханұлы Головкинның орнына өзін ұсынды

8109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/photo_14999.jpg
Қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке өзін ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Vesti.kz.-ке сілтеме жасап. Орта салмақтан мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) кеткеннен кейін жапониялық боксшы WBA желісі бойынша жалғыз чемпион болып қалды. Ал Мурата орта дивизионда IBF және IBO чемпионы Генадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) келесі қарсылас болуы мүмкін екені айтылған. Жәнібекте екінші дәрежелі WBO Global және WBC Continental Americas белбеулері бар. Әлімханұлы Твиттерде: "160 фунт. WBA Super? Боб Арум мен Top Rank, қане осыны жасайық. "Қазақша стиль“ Муратаға қарсы", - деп жазыпты.  

Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Комментарии