Ақтастағы Ахико

2825
Adyrna.kz Telegram

Жас драматург Мәдина Омарованың пьесасы бойынша белгілі режиссер, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Асхат Маемиров «Ақтастағы Ахико» қойылымымен М.Әуезов театрының репертуарын мәнді де мағыналы дүниемен байытты. Тарихтың тірі куәгері – Ахико Тецуроның өмір жолына үңілген ұжымның бұл жұмысы тәуелсіздіктің 25 жылдығына тартылған тартуларының бірі.

baspas-z-m-selihatyi

Ахико Тецуро – Қарағанды облысына қарасты Ақтас деп аталатын ауылдың тұрғыны. Ұлты – жапон. Қазіргі таңда 11 немере, 5 шөбере сүйіп отырған ақсақал, 15 жасында тағдырдың айдауымен ГУЛАГ-тың Қазақстандағы ең ірі лагері – КАРЛАГ түрмесіне түседі. КАРЛАГ-та ұлтымыздың бетке ұстар қаймақтарының отырғаны, олардың адам төзгісіз зорлық көргені белгілі. Жазықсыз жала жабылып, тар қапасқа қамалған Ахмет Байтұрсынов пен Сәкен Сейфуллиннің әкесі Сейфолла Оспанов та зобалаң күндерін Ахикомен бірге өткізеді. Сөйтіп, жастық шағы КАРЛАГ-та өткен жапон жігіті 10 жылдан соң рақымшылыққа ілігеді. КАРЛАГ-тан нағыз жігіттік шағында шыққан Ахиконың салмағы небәрі 25 келі тартып, қу сүйегін сүйретіп шыққан екен. Осыдан-ақ, кеңестік идеология құрбаны болған арыстарымыздың қандай азапты күн кешкенін ұғуға болады. (Қылышынан қан тамған кеңес заманының өзінде Ш.Мұртаза жазған «Қызыл жебе» романындағы адам төзгісіз азаптау бөлек әңгіме).

a-tasta-yi-ahiko1

Қапастан құтылып, өлім аузында жатқан Ахиконы тауып алған қазақ әйелі оны бауырына басып, адам қатарына қосады. Кейін заман оңалғанда Ахико ата жұрты – Жапонияға барып, әкесімен, бауырларымен, туған-туысымен табысады. Көп ұзамай ол Ақтасқа, екінші рет өмір берген қазақ анасына, адам қатарына қосқан қазақ бауырларының ортасына қайта оралады. Осында шаңырақ көтеріп, ұрпақ өрбітеді. Сөйтіп, жастығын қуғын-сүргінде өткізген жапон қазақ елінде біржола тұрақтайды. Туған жерін сүймегендіктен емес, қазақ еліне деген құрметі үшін осындай қадамға барды.

karlag-ta


Жасұлан НАУРЫЗӘЛІ,

«АДЫРНА».

Пікірлер