Ақмолада "Менің Отаным, Менің туым" челленджі басталды (ВИДЕО)

1995

Ақмола облысында ел жастарының ұйытқы болуымен "Менің Отаным, Менің туым" атты патриоттық челлендж басталды. Елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын қорғауға шақырған шара қазір тұтас республиканы қамтып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі. 

Челлендж Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Ақылбай ауылында басталды. Ел ақсақалдары ақ батасын беріп, көк туды көктен желбіреткен ауыл жігіттерінің бастамасы елдің рухын көтеріп, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған.

Челендж Бурабай ауданының Ақылбай, Наурызбай, Баянбай, Абылайхан, Кенесары ауылдарында бастау алып, Зеренді ауданының Игілік, Қанай би ауылдарында жалғасын тапты. Қазір Республиканың басқа аймақтары да челенджді қабылдап, бейнероликті одан әрі жалғастыруда.

"Менің  Отаным, менің туым" атты патриоттық челленджің басты мақсаты тәу еткен тәуелсіздігіміздің мызғымастығын, Қазақ елінің біртұтастығын әлемге паш ету. Қазақ жастарының намысы мен рухын ояту, ертеңге сенім мен нық алға қадам жасауға бағыттау үшін жасалып отыр, - дейді ұйымдастырушылар.

Төменде жасалған бейнероликтердің бірін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы