Сайлау - сенім мен мақсат жолындағы маңызды таңдау

2488
Adyrna.kz Telegram

Әр ел азаматының қоғамда өз үні болатыны сөзсіз. Ал сайлауға қатысып, елде болып жатқан өзгерістерге көзқарасын білдіру әр адамның парызы деп білемін. Сондықтан Шымкент қаласындағы №92 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым.

Сайлауға қатысу – елдің жарқын болашағы мен тұрақтылығын ойлау. Бүгін Тәуелсіз ел тарихындағы ең айтулы оқиғалардың бірі. Осынау жасампаз, жарқын мемлекеттің бары да, нары да – сіз бен біз. Яғни, ертеңіміз өз қолымызда. Бақ та, байлық та, халықтың бірлігінде. Бірлігіміз берік, рухымыз асқақ болуы үшін сайлаудан шет қалмайық!

 

Әлия ЮСУПОВА,
Көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы

Пікірлер