Бізде сөз жүзінде мынаны айтса, іс жүзінде басқасын істейді - Мұхтар Тайжан

832

Мемлекет басындағылар іс жүзінде бір нәрсе айтып, елдің дамуы туралы дұрыс пікір айтқанымен, іс жүзінде оның бірін де істемейді. Осылай деп өзінің әлеуметтік парақшасында жазған Мұхтар Тайжан Үкімет басындағылар мен министрлерді сынға алды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы монополияны қысқарту, бәсекелестікті дамыту қажеттігін көп айтады. Ол үшін бәсекелестікті қорғау және дамтыу жөнінде тұтас агенттікті де құрды.

"Бәрі дұрыс. Бұл туралы агенттік төрағасы Серік Жұманғарин де көп айтады. Өз кезегінде цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызмет алудың көп арналылығын қамтамасыз ету туралы дұрыс мәселелерді айтты. Енді қандай да бір осы қызметтерді алу үшін міндетті түрде egov-ке тіркелмей-ақ Homebank немесе Kaspi қолданушысы болған жеткілікті. Еркін бәсекелестік монополияның болмауы және көп арналылық барлық салада оның ішінде тұтынушылар үшін де мемлекеттік қызмет алуға өте қолайлы. Бірақ осыдан 10 күн бұрын 2 қаңтарда барлық еліміздің кәсіпкерлері үшін миллиардтаған тіпті триллиондаған субсидияларды ұсыну ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ ТЕК БІР ОПЕРАТОР АНЫҚТАЛАТЫНЫН" қалай түсіндірмек", - дейді Мұхтар Тайжан.

Жаңа заңға сәйкес "Бизнеске арналған Үкімет" ақпараттық жүйесі болмақ. Ол "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қарауында қызмет етпек.

"Енді бизнесті мемлекеттік қолдауға арналған барлық шаралар тек осы мемлекеттік емес жүйе арқылы ғана көрсетіледі. Яғни, бұл заңмен жаңа мемлекеттік емес РОП анықталып отыр. Тек ол триллиондаған субсидияларды бизнеске ұсынумен айналыспақ. Бұл триллиондар мемлекеттің ақшасы. Яғни Сіз бен біз - салық төлеушілердің қаражаты. Ал оны МОНОПОЛИЯ ТҮРІНДЕ тек бір мемлекеттік емес ұйым атқармақ. Бұл тіпті заңмен бекітілген. Осыны қалай түсінбек керек!, - дейді қоғам белсендісі.

Мұхтар Тайжан монополия бәсекелестікті дамыту туралы Президент айтқан тапсырмалардың қайда кеткенін сұрады.

"Сонда бәсекелестік қажеттігі, монополизмді қысқарту туралы уәделер қайда? Мемлекеттік қызметті ұсынудың көп арналылығының қажеттігі туралы арыз қайда кетті? Дәл осы уақыта сіздер Үкімет және Парламент заңмен өте маңызды салаларда қолдан жасалған монополистерді бекітіп отырсыздар. Мен Алматыда отырсам да мұнда биік Алатау тауы бар. Маған алыстағының бәрі айнадай көрінеді. Сіздерден маған осы маңызды сауалыма жауап беруіңізді өтінемін. Дәл сол монополизм мен бәсекелестіктің жоқтығы экономиканың тұралауына, теңгенің құнсыздануына және бағаның өсуіне әкелмей ме?!" - деді Мұхтар Тайжан.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар