"Ауыл" мен "Адал" партиясы да депутаттық мандатқа ие болды

1378

Атап айтсақ, Қазақстан халық партиясы – 4, Nur Otan партиясы – 126, Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясы – 5, “Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 15, “Адал” саяси партиясы 2 квотаға ие болды.

Айта кетсек, Қызыорда облысында саяси науқанға қатысқан сайлаушылар саны 73,90 пайызды құрады.

Бұдан бөлек Орталық сайлау комиссиясында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары мәслихаттары сайлауының қорытындысы жарияланды.

Мәслихаттар сайлауына бес партия жіберілді.

ОСК төрағасы Берік Имашев бірінші рет мәслихат депутаттары пропорционалды жүйе бойынша сайланғанын айтты.

Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты – 31 мандат. Жалпы қалалық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша 88 үміткер тіркелді. Қазақстан Республикасының “Сайлау туралы” конституциялық заңына сәйкес, сайлау нәтижелері бойынша саяси партияларға депутаттық мандаттар сәйкесінше бөлінеді.

Осыған байланысты: Қазақстан Халық партиясы – 2 мандат, Nur Otan партиясы – 26 мандат, “Ақ жол” партиясы – 3 мандатқа ие болды, – деді Нұр-Сұлтан аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова.

Алматыға 39 мандат бөлінді. Бұл мандаттар келесідей бөлінді:

Nur Otan – 29 орын;
“Ақ жол” – 3 орын;
Қазақстанның халықтық партиясы – 3 орын;
“Ауыл” – 3 орын.

Шымкент қаласы мәслихатында 30 мандат бар. Олар келесідей таратылды:

Nur Otan – 24 орын;
“Ауыл” – 3 орын;
“Ақ жол” – 3 мандат.

10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы өтті

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар