Қуаныш Еділхантегі: Біздегі сайлауда қызықты ештеңе қалған жоқ

458
Біздегі сайлауда қызықты ештеңе қалған жоқ дегенмен де біраз қызықтар баршылық. Оны біртіндеп айта жатармыз, әзірше бір-екеуін айта кетейік.
Бірінші қызық.
Кәмунистерді кім жақтап отырғаны белгілі болды, "кітапхананың" проектісі екендігі тіпті жасыруға да келмей қалды. Осында біреулер мәскеудің ықпалы шығар деп жүр. Олай емес, егер олай болса нөл дауыс алып отырған жерінен соншама дауысты қостырып жаздырмас еді. Қайтеді басын ауыртып, онсыз да құрып тұрған репутациясын босқа түсіріп? Дауыс ала алмай қалды дейді де отыра береді. Талай арамдықты білгенде, тап соған басы жетпей қалыпты дегенге кім сенеді?
Екінші қызық.
Жер-жерде елдің назарына түсіп жүрген белсенділерді праймериз, анау-мынау деп, жаппай нұротанға тартып, артынан оларды есіктен есікке деп ел аралатып барынша тырысса да сайлауға адам барған жоқ. Оған ЖСДП, немесе Мамайдың әсері болды деп айта алмаймын. Алматы сияқты қалаларда, мүмкін, әсері болса болған да шығар, бірақ біздің Маңғыстауда олардың тіпті кім екендіктерін де ешкім танымайды, филиалдары түгілі бел шешіп жүрген белсенділері де жоқ. Соған қарамастан былтырғы Қосанов кезіндегідей емес, ешкім сайлауға бармай қалды. Себебі де түсінікті - елдің әбден көңілі қалған, түңілген. Бірақ оларға да керегі сол - түңілсең одан әрмен, келмей-ақ қой, өзіміз қатырамыз қалғанын деген ішкі есеп.
Үшінші қызық - Мамай. Мамай деген кім?
Төртінші қызық - неге Ақжолға 10%? Әблязов осы партияны қолдап отырса да?
Бесінші қызық - экзит-полды кім өткізді? Кімнен сұрапты?
Алтыншы, жетінші қызықтар...
Жәрайды, бұл тақырыптарды кейінірек талқылай жатармыз.
Тоқ етері - мынау сайлау емес. Біздің еркімізден тыс өткізілді. Зорлықпен өткізілді. Халықтың қалауы емес. Әрине, оған кеткен 15 млрд шығынға да біздің еш қатысымыз жоқ, босқа кеткен шығын. Біреулер осында кейбір адамдар неге пікір айтпай жатыр дейді, пікір айтпағаны - ол да пікір. Не айтасың?
Жәй. Ішке сыймаған соң қақпақтың шетін сәл көтеріп жатқаным... Бұлай тұра бермес. Өзгеріс болатын шығар.
Қуаныш Еділхантегі
Facebook жеке парақшасынан алынды
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар