Мадрид орталығында жойқын жарылыс болды

1704
Adyrna.kz Telegram

Мадрид қаласында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Испания астанасының орталығы саналатын Толедо көшесінде болған. Жарылыс салдарынан ғимараттың төбесі мен төрт қабаты қирап қалды. Сондай-ақ, жолда тұрған көліктер де зақымдалған.

Қазіргі таңда оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. Төтенше жағдайдан кейін көрші ғимараттар эвакуацияланды.

El Pais түсіндіргендей, жарылыс қарттар үйінің жанындағы үйде болған.

Соңғы деректерге сүйенсек, зардап шеккендердің саны 11 адамға жеткен.

«Үш адам қаза тапты және он бірі жараланды. Оларға көмек көрсетілді. Науқастардың бірі ауыр халде, он адамның жарақаты жеңіл. Үшеуі ауруханаларға жеткізілді»,-деп мәлімдеді Мадрид Төтенше жағдайлар қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер