«Нағашылары зорлаған» қыз бар шындықты айтты

5397
Adyrna.kz Telegram

Сарыағаштық транссексуал  Айя өзінің басынан қандай азаптар өткенін және не себепті жынысын ауыстырғанын айтып берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы "Хабар" арнасына сілтеме жасап.

Хабар арнасындағы әлеуметтік ток шоу «Бүгіннің» студиясында қонақта болған Айя - трансгендер. Яғни жігіт болып дүниеге келген ол жынысын ауыстырып, қыз балаға айналған.
"Менің түбегейлі қыз болып өзгеруіме туыстарым себепші. 15 жасымда яғни студент кезімде нағашыларым тойға келді Шымкентке. Тойдан соң мен тұратын пәтерге келді. Ішіп алған. Содан мені түнде жыныстық қатынасқа итермеледі.

Сол күннен бастап менің ойым, психологиям өзгере бастады. Көшеде ұлдарды көрсем қарап, қызығып мән беретін болдым. Маған ұнайтын болып кетті ұлдар. Оған дейін менде ондай сезім болған емес. Жаңағы оқиғадан соң осылай болып қалдым.

Зорлық жасаған нағашыларым мені әлі күнге дейін қорқытады. Әр түрлі нәрселер айтып. Негізі мен көмек сұрағым келген басқа туыстарымнан, бірақ маған сенбейді, өзіме кінәні аударады деп қорықтым.

Мен өзім сездім, өз психологиям өзгеріп кеткендігін, мысалы менде қазір түк өспейді, дауысым өзінен өзі жіңішкеленіп кетті. Көкірек өсіретін гармондық дәрілер іштім. Бірақ жыныс ауыстырған жоқпын. Өйткені оған біраз қаражат керек. Алдағы уақытта ауыстыратын жоспарым бар.

Мен сияқтылар көп деп айта алмаймын, алайда олар бар. Мен соларға еліктеп транссексуалка болған жоқпын. Әркімнің өз жағдайы бар басында бұл жолды таңдауда. Олар үшін мен жауап бере алмаймын.

Қоғам бірте-бірте бізді қабылдап келе жатыр. Сіздер қоғамды бізбен бірге бөлісуге мәжбүрсіздер. Бізді қуып жібере алмайсыздар. Немесе өлтіріп тастай алмайсыздар. Себебі бізде қоғамның бір бөлшегіміз." –дейді Айя.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер