Зерттеу жұмыстарын жүргізуде неге мән беруіміз керек?

4520
Adyrna.kz Telegram

Зерттеу жұмыстарын жүргізуде зерттеу тақырыбына мән беруіміз қажет. Зерттеу тақырыбынан ауытқу не болмаса тақырып аясынан сырт, сол тақырыпқа сай келеді деп үстемелеп деректер қоса беру сіздің зерттеуіңізге деген эксперттер мен рецензенттердің бағасын төмендетуі мүмкін.

Зерттеу тақырыбынан сәл де болса ауытқу екі жағдайда болуы мүмкін. Біріншісі: зерттеуші сол тақырыпқа әрі терең бойлап ене алмағанда; екіншісі: зерттеу мақаланың көлемін толтыру үшін. Бірінші жағдайда байқап отырғанымыздай, мақала көлемді, әрі зерттеу тақырыбына байланысты жинаған материалдарыңыз жеткілікті болуы шарт. Мысалы, соңғы алты айда бір мақала жазу барысында 229 әдебиетті ақтарып, бірнеше архивтің деректерін негізге алуға тырыстық. Нәтижесінде тағы да өңдей түсетін тұстары табылып, осы салада талай жыл тер төгіп жүрген ғалым ағалардың кеңесімен іздеген деректерді тауып, қазір қорытындысын жазу үстіндеміз. Ал деректер осылай егжей-тегжейлі жазылмаса, онда мақалаңыз өз мақсатын ашып бере алмауы мүмкін. Екінші жағдайда, мақала көлемін толтыру қандай жағдайда орын алуы мүмкін: әрбір журналдың өзінің рәсімделу талаптарына байланысты, талап ететін стильдері бар; мысалы, басқасына тоқталмай-ақ қоялық, жай ғана АРА стиліне салу барысында 17 бет мақалаңыз, көлемі 7-8 беттен аспай қалады, ол кезде сол тақырыпқа сәйкес зерттеу пікірлерін қосу, тақырыпқа сай талқылау бөлімін ұлғайтуға келеді. Осындай толықтырулар кезінде мақала бастапқы көлемінен де, мазмұны жағынан ауытқиды да, халықаралық эксперттен өтпейтін жағдай кездеседі.

Келесі мәселе: зерттеу әдістері бөлімі. Осы уақытқа дейінгі тәжірибеміз көрсеткендей, бұл бөлімде көрсетілген әдістер нақты талдануы тиіс. Мысалы, Delve көмегімен сіз деректерді қалай талдайсыз, оны зерттеу мақсатыңызда қалай түсіндіресіз, зерттеу тақырыбыңызды кодтауды қалай жүзеге асыра аласыз деген сынды мәліметтерге бірден жауап алып, методологиялық әрі теориялық біліміңізді практикалық жұмыс нәтижелерімен көрсете аласыз.

 

Delve - зерттеушілерге сапалы деректерді талдауға көмектесетін онлайн-бағдарламалық жасақтама. Delve-ді үйрену оңай, және сапалы зерттеулер үшін жаңа сапада жүрген немесе сапалы әдіснамалық курста сабақ беретіндер үшін өте ыңғайлы. Сіз магистр болсаңыз да, докторант болсаңыз да, осы жолдардан сәтті өтіп, еңбек жолыңызды жалғастырып жатқан маман болсаңыз да, ғылыми жұмыс сізді қызықтыра ма, бұл жаныңызға жақын сала ма, осыны анықтап алғаныңыз жөн болады...

Арай ЖҮНДІБАЕВА,
философия (PhD) докторы,
лингвист, әдебиет зерттеушісі
Пікірлер