Карантинді қашан алып тастайды?

1803
Adyrna.kz Telegram

Бүгін коронавирусқа қарсы екпені алғашқылардың бірі болып Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада журналистермен жүздесіп, карантинді толығымен қай кезде алып тастайтынын айтты.

«Егер біз халықтың иммунитетін 50 процентке дейін көтерсек, онда біз бұрынғы өмірімізге қайта ораламыз. Сол кезде шектеу шаралары да, карантин де, локдаун да болмайды»,-деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер