БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Ресейдің нағыз қарсыласы таққа отырды

3832
Adyrna.kz Telegram

Ақ Үй Ресейге қарсы жаңа барлау шараларын жасауға бұйрық берді. Ақ Үйдің пресс-секретары Джен Псакидің айтуынша, барлау жұмыстары Мәскеу қаласынан басталады. АҚШ Ресейді бірнеше инциденттер бойынша жауапқа тартуды көздеп отыр. Бұл шараға АҚШ-тың жекеленген арнайы барлау топтары іске кіріспек. Мұның барлығы да Ресейдің АҚШ-қа қарсы жаулық ниетінен туындаған. АҚШ федеральді тергеу органдары Ресейді осы жолғы АҚШ-та өткен президент сайлауында да кедергілер жасағанын анықтап отыр. SolarWinds бағдарламалау орталығы АҚШ-тағы президент сайлауында ресейлік хакерлер тарапынан киберлік шабуылдар жасалғаны, Навальный тарапынан да АҚШ-қа ақпараттар беріліп отырғанын алға тартып отыр. Навальныйдың АҚШ президенті сайлана сала еліне баруы тегіннен тегін болған тірлік емес.

Пікірлер