Қазақстандық миллиардер көз жұмды

2137
Adyrna.kz Telegram

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясының негізгі акционерлерінің бірі, қазақстандық ең бай бизнесмендердің бестігіне кірген олигарх Алиджан Ибрагимов коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

« Бүгін 67 жасында ERG-дің негізін қалаушылардың бірі, директорлар кеңесінің мүшесі Алиджан Рахманұлы Ибрагимовтың қайтыс болғанын хабарлаймыз",-деп жазды компанияның баспасөз қызметі.

Алиджан Рахманұлы Ибрагимов 1953 жылы 5 маусымда туған. Мәскеу ветеринариялық академиясын (1974) бітірген, мамандығы - «Өнеркәсіп тауарлары өндірісін уйымдастыру мен саудасы экономикасы». 1974 жылдан - жеңіл өнеркәсіптің бірқатар кәсіпорындарында экономист, басшы. 1991 жылдан - «Невада-Семей» АҚ бас директоры, басқармасының терағасы, президенті. 1994-1998 жылдары - «Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің терағасы. 2001-2007 жылдары - Еуразия өнеркәсіп қауымдастығы төралқасының мүшесі. 2002 жылдан - «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті. 2004 жылдан - «Қазхром» ТҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» орденімен (2004), сондай-ақ бизнес пенжебеушілікті дамытудағы елеулі үлесі үшін үкіметтік мадақтар және басқа елдердің қоғамдық ұйымдарының ордендерімен марапатталған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер