Көкшетаулық бір түнде жеті рет қылмыс жасаған

2518
Adyrna.kz Telegram

Бір түнде жеті рет қылмыс жасаған 25 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Ол алдымен қаладағы азық-түлік дүкенінің терезесіндегі темір торын бұзған. Нысан иесі оны байқап қалып, полицияға хабар беріпті. Одан сескенбеген жігіт тағы екі дүкенді тонап үлгерген. Құныққаны сонша, біреудің «Шкода» көлігінен 200 мың теңге ұрлап, тағы бір «ВАЗ» көлігін айдап кетеді. Жолда сантехника дүкеніне түспек болып, есігін бұза алмаған. Есесіне шаштаразға кіріп, «триммер» машинкасы мен кішкентай таразыны қолды қылған. Әккі ұры түнгі жорығында ноутбук, жемістер мен тәттілерді қолды қылған.

«Ол осыншама заңбұзушылық әрекеттерінен кейін қонақ үйге демалуға оралған. Сол кезде бұрын да дәл осындай қылмысы үшін істі болған жігітті полицейлер қолға түсірді. Қазір уақытша тергеу абақтысына жабылған 25 жастағы жігітке «Біреудің мүлкін заңсыз иеленгені», «Ұрлық жасауға ұмтылу», «Ұрлық» баптарымен сотқа дейінгі тергеу басталды»,-деді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер