АҚШ Қытайға соғыс кемесін аттандырды

5541
Adyrna.kz Telegram

Джо Байден әкімшілігі бейсенбі күні Тайвань бұғазы арқылы Оңтүстік Қытай теңізіне соғыс кемесін жіберді. Оқиға Вашингтон мен Бейжің арасындағы ашық қақтығыс қаупін күшейтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Тайвань аралы мен Бейжің арасында орналасқан даулы теңіздерді Бейжің өзінің иелігі ретінде талап етеді. Вашингтон сол даулы аймаққа "Arleigh Burke" классындағы басқарылатын зымыран жойғыш соғыс кемесін жіберді.

 

"USS Джон С.Маккейн" деп аталатын соғыс кемесі тіркелген АҚШ-тың жетпісіші флотының мәлімдемесінде бұл қадам "АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты аймағының еркін және ашық болуына деген ұмтылысын көрсетеді" деп жарияланды.

АҚШ-тың жақын одақтасы Тайваньды Бейжің өз аумағының бір бөлігі ретінде санайды. Ал, демократиялық Тайвань өзін егемен ел ретінде қарастырады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер