Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды

1806
Adyrna.kz Telegram

Жапонияда қуаты 7 баллдан асатын жойқын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері  елдің солтүстік-шығысындағы Фукусима префектурасында ең қатты сезілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жер асты дүмпулері бүгін жергілікті уақыт бойынша 5:30-да болған.

Жапондық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, зілзаланың негізгі ошағы Тынық мұхитында болған. Осыған байланысты Жапонияның метеорологиялық қызметі елде цунами туындау қаупін жариялады. Дегенмен, оның күші жойқын емес екенін жеткізді.

Қазір Жапонияның шұғыл әрекет ету қызметтері елдің 10 өңірінде болған сілкіністен қанша адамның зардап шеккенін, материалдық шығындар көлемін анықтап жатыр.

«Әзірге елеулі зақым туралы мәлімет түскен жоқ. Атомдық станциялар зардап шекпеген», - деп мәлімдеді жапондық үкіметтің бас хатшысы.

 

Сурет wikipedia.org

Пікірлер