Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

1447
Adyrna.kz Telegram

Экс-министр Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі ұзартылды. Бұл туралы оның заңгері Дмитрий Куряченко айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Үйқамақ мерзімі наурыз айының соңына дейін ұзартылды. Бұл шешімді заңсыз деп ойлаймын. Сол себепті Тоқаевқа хат жолдадым»,-деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін экс-министр мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Ол өткен жылдың күзінде тұтқындалды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер