Жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды - Тоқаев

1370
Adyrna.kz Telegram

Жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Комиссия (Жер реформасы жөніндегі комиссия) жұмысының әрбір кезеңі және онда ұсынылған шаралар туралы халықты үнемі хабардар етіп отыру керек. Басты міндеттің бірі - комиссия жұмысының және шешім қабылдаудың ерекше ашықтығын көрсету. Біз жерге қатысты қоғам тарапынан көтерілген барлық мәселені дұрыс және тиімді шеше аламыз деп сенемін», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бұл шешімдер ең алдымен, ел экономикасын дамытуға және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналатындығын баса айтты.

«Ең бастысы, жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бүгін ҚР Президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты.

 

 

Пікірлер