Ходжалы қырғыны туралы не білесіз?

1252

Осыдан 29 жыл бұрынғы Ходжалы елді-мекеніндегі қанды қасаптың әлі күнге дейін жергілікті тұрғындар үшін қорқынышты түс іспеттес қасірет саналып, ал қалған көпшілік үшін қайғы жұтқан қаралы күн болып табылатындығы рас. 1992 жылдың ақпан айының 25-інен 26-на қараған түні бұрыңғы КСРО-ның 366-шы мотоатқыштар бөлімшесінің тікелей қатысуымен және жергілікті тұрақсыз әскерилердің қосалқы көмегімен Арменияның қарулы күштері Әзірбайжан Республикасының Таулы Қарабах аймағындағы Ходжалы қаласына асқан қатыгездікпен қан төгу мақсатында баса-көктеп кірген болатын.

Шабуыл нәтижесінде 613 бейбіт тұрғындар, олардың қатарында 63 бала, 106 әйел мен 70 қария өлтірілді. Қолдан жасалған қырғын үстінде 487 адамның денелері жауыздықпен бөлшектенді, кейбірі тірілей өртеліп, тағы біреулердің бастары шабылды, басқаларына ауыр жарақат салынса, қалғандарының бас терісі кесілген болатын. Сонымен қатар, 1000 бейбақ жараланып, 1275 адам тұтқынға алынды. Қожалының 150 дерлік тұрғыны әлі күнге дейін іс-түссіз жоғалғандар қатарында. 8 отбасы толығымен қырылып, 25 бала ата-анасының екеуінен де айырылса, 130 бала олардың бірі – әке, не анасыз қалды.

 

Ходжалы қаласының тұрғындарын жаппай өлімге кесу кезінде әзірбайжан ұлтының өкілдері ғана қасақана өлтірілгендіктен, бұл қанды оқиға этникалық тазарту және геноцид актілерінің сипатын алды.

Ходжалыда орын алған қылмыс – Халықаралық құқықтың императивтік нормаларының (jus cogens) қатаң бұзушылығы болып табылады. Дәлірек айтқанда, ол нормаларға сәйкес, мемлекеттер мен олардың аумағында тұрып жатқан халықтардың өмірі мен бүтіндігіне және адами құндылықтарға қарсы қауіп төндіруге тыйым салынған. Осы нормалардың ішінде, көпшіліктің ойынша, агрессияға, отарлық үстемдікті орнатуға немесе оны күшпен сақтауға, геноцидке, құлдыққа, нәсілдік кемсітушілікке, адамзатқа қарсы қылмыстар мен азаптауға тыйым салуларды императивті деп қарастырған абзал.

Халықаралық соттар мен ұйымдар Ходжалыдағы оқиғаның асқан қатыгездігін және қылмыстың бар ауырлығын толығымен мойындады. Қасіретті оқиғадан бірнеше апта өткен соң 1992 жылдың 11 наурызында Еуропа Кеңесінің Министрлер Комитеті декларацияда «жақын арада орын алған жаппай адам өлтіру мен қатыгездікке» қатты алаңдаушылық білдіріп, Әзірбайжан Республикасының Таулы Қарабах аймағының тұрғындарына қарсы бағытталған «зорлық-зомбылық» әрекеттерін қатаң түрде айыптады.

Көптеген фактілермен, соның ішінде тергеу айғақтарымен және жазбалармен, куәгерлердің дәлелдемелерімен, халықаралық БАҚ-дағы хабарламалармен, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың құжаттарымен айқын расталған Ходжалы геноциді үшін толық жауапкершілікті Армения Республикасы мойнына алды.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот 2010 жылдың 22 сәуіріндегі шешімінде қылмыстың квалификациялануы және ол үшін жауапкершілікті мойынға алу мәселесіне күмән тудырмайтын төмендегідей ескерту жасады: «Тәуелсіз ақпарат көздерінен алынған есептерде көрсетілгендей 1992 жылы 25 ақпаннан 26 ақпанға қараған түні Ходжалының басып алынуы кезінде армян әскерлері қалаға шабуыл жасаған. Басып алынған қаладан қашып кетуге тырысқан жүздеген этникалық әзірбайжандықтардың өлтірілгені, жараланғаны немесе тұтқынға алынғаны жайында хабарланды». Сот шабуыл жасауды жүзеге асырушылардың іс-қимылын «әскери қылмыстар немесе адамзатқа қарсы қылмыстарға теңестірілу мүмкіндігі бар аса ауыр қылмыстық әрекетке» жатқызды.

Армения Республикасының тарапынан туындаған Халықаралық гуманитарлық құқық  және адам құқықтары туралы заңнаманың өрескел бұзушылықтары қатарына нысана талғамайтын шабуылдарды, соның ішінде бейбіт тұрғындарды өлтіруді, тұтқынға алу мен күштеп ұстауды, әскери тұтқындар мен тұтқынға алынған бейбіт тұрғындарға көрсетілген жәбір мен тиісті сот шешімісіз өмірден айыру сияқты заңсыз әрекеттер жатады.

Ходжалыдағы бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдарға халықаралық құқықта анықталған геноцид қылмысының келесі элементтері келеді: actus reus - жаппай кісі өлтіру және физикалық немесе психикалық денсаулыққа ауыр залал келтіру; әскери күштер шабуылдайтын арнайы нысана топтың болуы және нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе діни тұрғыдан ерекшеленетін топты толығымен немесе ішінара жоюға деген нақты геноцидтік ниеттің болуы. Бейбіт тұрғындарды толығымен немесе ішінара құртуға бағытталған қасақана ниеттің нақты және айқын дәлелдері Ходжалыда жасалған қылмыстың геноцид әрекетіне жататындығын растайды.

Арменияның Әзірбайжан Республикасына қарсы әскери агрессиясы кезінде орын алған Ходжалы геноциді және адамзатқа қарсы бағытталған басқа да қылмыстар Халықаралық гуманитарлық құқық  және адам құқықтары туралы заңды, атап айтқанда 1949 жылғы Женева конвенцияларын, Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау туралы конвенцияны, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияны, Нәсiлдiк кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы халықаралық конвенцияны, Бала құқықтары туралы конвенцияны және Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы конвенцияны өрескел бұзады.

Халықаралық жауапкершілікке қатысты негізгі ережелер 2001 жылдың 9 тамызында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық құқық комиссиясының қабылдаған және Бас Ассамблеяның 2001 жылдың 12 желтоқсанында мемлекеттерге ұсынған Мемлекеттік жауапкершілік туралы баптарында баяндалған.

1-бапқа сәйкес «Мемлекеттің кез келген халықаралық заңсыз әрекеті сол мемлекеттің халықаралық жауапкершілігін тудырады», ал 2-бапта «Мемлекеттің кез-келген халықаралық заңсыз әрекеті (a) қандай-да бір іс-әрекеттің халықаралық құқық нормаларына сәйкес мемлекетке жүктелген жағдайда ғана орынды болады; және (b) бұл заңсыз әрекет сол мемлекеттің халықаралық-құқықтық міндеттемесін бұзу болып саналады».

Мемлекеттік жауапкершілік туралы баптардың 4-бабының 6-түсініктемесінде мемлекеттік органдарға «тек орталық мемлекеттік органдар, жоғары деңгейдегі шенеуніктер немесе мемлекеттің сыртқы байланыстарына жауапты адамдар ғана жатпайтыны аталып көрсетілген. Олардың қатарына кез-келген міндетті атқаратын және иерархияның кез-келген деңгейінде, оның ішінде аудандық немесе тіпті жергілікті деңгейде қызмет атқаратын кез-келген типтегі немесе классификациядағы мемлекеттік органдар кіреді».

Армян жазушысы Маркар Мелконян «Арабо» және «Арамо» деп аталатын екі армян әскери отрядтарының жауынгерлерінің қатыгездігін ерекше атап өтеді және олардың Ходжалы бейбіт тұрғындарын қалай қырып-жойғанын егжей-тегжейлі сипаттайды. Оның айтуынша, қаланың кейбір тұрғындары өз жерінде босқынның күйін кешіп, шамамен 10 километр қашықтық жерге қашып үлгеріп, қауіпсіз баспананы енді таптық дей бергенде «армян солдаттары олардың іздеріне түсіп, ұстаған болатын».

Оның айтуынша, сарбаздар «ұзақ уақыт бойы жамбастарына жасырған пышақтарын суырып, жазықсыз адамдарды аямастан пышақтай бастады». Ходжалы геноциді кезінде басып алынған Әзірбайжан территориясындағы заңсыз қарулы топтардың бас қолбасшысы болған. С.Саркисянның келесі сөздері Ходжалы қасіретінің шынайы себепкерлері кім екендігін айқын көрсетеді: «Ходжалы оқиғасына дейін әзірбайжандар бізбен әзілдесуге әлдері жетеді деп ойлады. Олар армяндар қарапайым халыққа қарсы қолдарын көтере алмайды деп ойлады. Біз бұл [стереотипті] бұза алдық. Міне, жағдай солай болды ».

Армения Республикасының мемлекетік жауапкершілігі халықаралық заңнамаға қайшы келетін әрекеттеріне, яғни халықаралық қылмыстық құқықтың қарапайым және шарттық нормаларына сәйкес, қарулы қақтығыс жағдайында Ходжалы қаласында жасалған кейбір іс-әрекеттеріне байланысты. Халықаралық қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті мойындарына сол іс-әрекеттерге қатысқан адамдар, олардың сыбайластары алады.

Халықаралық жауапкершілкпен қатар, Арменияның міндеттемелеріне мұндай әрекеттердің тоқтатылуы, олардың ендігіде қайталанбауы сияқты тиісті кепілдіктер беру және реституция, компенсация мен сатисфакция түріндегі келтірілген залал орнын өтейтін өтемақы беру кіреді.

Армения Республикасы адамзатқа қарсы қылмыстарын 2020 жылы Екінші Қарабах соғысы кезінде Әзірбайжанның бейбіт тұрғындарына қасақана шабуыл жасаумен жалғастырды. Армения 2020 жылы соғыс алаңынан әлдеқайда тыс орналасқан Гянджа, Барда және Тертер сияқты Әзірбайжан қалаларының бейбіт халқы мен инфрақұрылымына қарсы бағытталған шабуылдары арқылы тағы бір мәрте 1992 жылдың оқиғасын қайталады. Ең сорақысы, бұл жолы адамдардың жаппай өліміне әкелетін қарулар, соның ішінде кластерлік бомбалар мен зымырандық жүйелер қолданылып, бейбіт тұрғындар арасында жоғары шығындарға әкеп соқтырды. Әзірбайжан Республикасы Бас прокуратурасының мәліметі бойынша, зымырандық және артиллериялық шабуылдардың нәтижесінде 100-ден астам бейбіт тұрғын, оның ішінде 12 бала мен 27 әйел қаза тапты, 423 бейбіт тұрғын жарақат алды. 5000-нан астам тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлер, 76 әлеуметтік нысандар, оның ішінде мектептер, ауруханалар мен балабақшалар, 24 өндіріс орны, 218 сауда нысандары, 51 қоғамдық тамақтану орны, 41 әкімшілік ғимарат және 19 ғибадат орны қиратылды. 1992 жылғы Ходжалы геноциді де, 2020 жылы бейбіт тұрғындарды бомбалау да Армения Республикасы билігінің Әзірбайжанның бейбіт тұрғындарына қарсы қасақана жүргізген саясаты мен жүйелі зорлық-зомбылық әрекеттерінің айқын дәлелі.

Армения мен Әзірбайжан арасындағы ұзақ мерзімді бейбітшілік пен татулықтың орнауына кедергі болған басты себеп - сонау уақыттан бері қылмыс жасағандардың жазасыз қалуы екендігі хақ. Осылайша, қақтығыс кезінде жасалған халықаралық және адам құқықтарының өрескел бұзушылықтары туралы бар шындықты анықтау, жәбірленушілерге өтемақылар беру және мұндай заң бұзушылықтардың қайталануын болдырмау жолында тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі - бұл шынымен екі елдің татуласу үдерісіне қажетті аспектілер.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар