8 наурыздан бастап үш аптаға қатаң шектеу енгізіледі

1377
Adyrna.kz Telegram

Финляндия үкіметі коронавирусқа қатысты жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты 8 наурыздан бастап үш аптаға қатаң шектеу енгізді. Бұл туралы баспасөз мәслихаты кезінде Финляндия премьер-министрі Санна Марин мәлім етті, деп хабарлайды Yle агенттігі.

 «8 наурыздан бастап Финляндияда локдаун енгізіліп, 28 наурызға дейін созылады», – деді ол.

Енгізіліп отырған шаралар аясында орта және жоғары сынып оқушылары қашықтан оқу форматына ауыстырылып, 12 жастан асқан балалар үшін сабақ өткізілмейді, сонымен қатар елдегі мейрамханалардың жабылуы жоспарланып отыр.

Пікірлер