Түркістан тас жолдарын тазалауға жүздеген техника шықты

2546
Adyrna.kz Telegram

Түркістан қаласын санитарлық тазалауға 83 арнайы техника жұмылдырылған. Алдағы уақытта олардың санын 100-ден асыру жоспарда бар деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Түркістан облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тазалық науқанына дайындықпен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев күшейтілген режимге көшуді тапсырды. Қала көшелерін күл-қоқыстан тазартып, жолдарды жууға арналған сан алуан түрлі техника Түркістан көшелеріне шықты. Аталған жұмыстар тынымсыз жүргізілетін болады.
Түркістан қаласында тазалық науқаны жүріп жатыр. Әр сенбі күні қала аумағында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылуда. Шараға атсалысқан азаматтар алғыс хатпен марапатталады. Қаланы қоқыстан тазартып, тазалықты сақтауға жәрдем беріп, жанашырлық танытқан жандар тал егу жұмыстарына да белсенді қатысуда. Қала тұрғындары өз аулалары мен көше аумақтарындағы қоқыстар, арықша іштерін тазаласа, қызметкерлер мекеме маңдарына тазалық жұмыстарын жүргізуде.
Қаладағы құрылыс нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысқан облыс басшысы шаһарды жарықтандыруда қолға алынған жаңа жобалармен танысты. Түркістандағы барлық ірі ғимараттар, саябақтар, көпірлер мен демалыс орындары бір үлгіде жарықтандырылып, қалаға қайталанбай реңк берді. Көне шаһар бірнеше бағытта көркейіп, заманауи технологиялардың көмегімен «ақылды қалаға» айналуда.

Пікірлер