Қош бол, совет атаулары!

3717
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай ауданының бірнеше елді - мекені кеңестік атаулардан арылды. Күні кеше құжаттар мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, заңды түрде бекітілген. Бұл туралы жергілікті БАҚ мәлімдеді. 

Мәселен, аталған ауданда әлі күнге «Ленин», «Комсомольская», «Советская» атты көшелер болған. Енді ол көшелердің атауы қазақшаланды. Мәселен, бұдан былай «Советская» көшесі - Әл-Фараби, «Комсомольская» көшесі - «Ертіс», «Ленин» көшесі - «Мұзтау» деп аталады. Одан бөлек, кейбір көше атауларына Ахмет Байтұрсынұлы, Дінмұхамед Қонаев, Оралхан Бөкей, Дидахмет Әшімханұлы секілді тұлғалардың есімі берілген.

Сонымен, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының Катонқарағай ауданындағы елді мекендердің құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша қорытындысына сәйкес, көше атаулары былайша өзгерген:

  1. Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы №2 шешімімен:
  2. Алыбай ауылындағы:
    1) «Степная» көшесі «Алтай» көшесіне;
    2) «Школьная» көшесі «Бұқтырма» көшесіне.
  3. Құндызды ауылындағы:
    1) «Центральная» көшесі «Бастау» көшесіне.
  4. Приморское ауылындағы:
    1) «Ленин» көшесі «Мұзтау» көшесіне;
    2) «Комсомольская» көшесі «Ертіс» көшесіне;
  5. Солоновка ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы №1 шешімімен:
  6. Малонарымка ауылындағы:
    1) «Советская» көшесі «Тәуелсіздік» көшесіне;
    2) «Береговая» көшесі «Нарын» көшесіне;
    3) «Мир» көшесі «Бейбітшілік» көшесіне;
    4) «Комсомольская» көшесі «Наурыз» көшесіне;
    5) «Октябрьская» көшесі «Қазақстан» көшесіне;
    6) «Жданов» көшесін «Болашақ» көшесіне;
    7) «Пламенская» көшесі «Дінмухамед Қонаев» көшесіне.
  7. Солоновка ауылындағы:
    1) «Советская» көшесі «Әл-Фараби» көшесіне;
    2) «Восточный» көшесі «Бастау» көшесіне;
    3) «Колхозная» көшесі «Наурыз» көшесіне;
    4) «Юбилейный» көшесі «Жерұйық» көшесіне;
    5) «Октябрьская» көшесі «Мұзтау» көшесіне;
    6) «Школьная» көшесі «Ахмет Байтұрсынов» көшесіне;
  8. Өрел ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 3 ақпандағы №1 шешімімен:
    Аршаты ауылындағы - «Күншығыс» көшесі «Жазу Қонжықұлы» көшесіне;
  9. Үлкен Нарын ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы №1 шешімімен:
  10. Үлкен Нарын ауылындағы:
    1) «Алтайэнерго» көшесі «Андрей Огнев» көшесіне;
    2) «Октябрьская » көшесі «Қазбек би» көшесіне;
    3) «Шолохов» көшесі «Оралхан Бөкей» көшесіне;
    4) «Маяковский» көшесі «Нұғыман Жұмағұлов» көшесіне;
    5) «Чайковская» көшесі «Силивестр Слабодчиков» көшесіне;
    6) «Садовая» көшесі «Дидахмет Әшімханов » көшесіне;
    7) «Московская» көшесі «Пазыл Абиев» көшесі болып қайта аталды.

Abai.kz

 

Пікірлер