Тұрғынды алдап, 14 миллион теңгені иемденген

2083
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбедегі алаяқ әйел тендерді жеңіп алуға көмектесуге уәде беріп, 14 миллион теңгені иемдеген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция бөліміне 42 жастағы кәсіпкер ағымдағы жылғы қаңтардың соңында таныс емес әйел тендер ұтысына көмек көрсету сылтауымен алдау жолымен 14 млн теңгеден астам сомадағы ақшаны иемденгені туралы өтінішпен жүгінді.

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында Ақтөбенің 38 жастағы тұрғынын анықтады. Күдікті жасаған әрекетін мойындады.

ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдіктінің айла-амалдарына үш жәбірленуші түскені анықталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті ұсталған азамат тарапынан алаяқтықтың құрбаны болған азаматтардан полицияға жүгінуді сұрайды.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер