Украина: Агрессордың мұрнын бұзып, НАТО-ға кіреміз!

5651
Adyrna.kz Telegram

Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук "Ресей өзін Украинаның шығысындағы соғысқа қатысы барын мойындамаса, онда қатаң шараларға бару керектігін" мәлімдеді. Кравчук Мәскеу өзін бұл қақтығыста тек бақылаушы рөлін сомдап, соғысқа тікелей қатысы жоқ тараптай ұстанып келеді дейді. 

"Жағдай сол бір орында тұр, Ресей тарапынан мәселені шешуге қатысты ұсыныстар жоқ. Ол түсініксіз позицияны ұстануда. Олар бақылаушы рөлін атқарып жүрміз дейді. Қызық. Оларға ешкім бақылаушы болуға құқық берген емес. Сондықтан егер Ресей осылайша бұл қақтығысқа қатысы жоқтай кейіп танытып, бақылаушы рөлін сомдап, келіссөздердің іске асуына кедергі жасауды жалғастырса, онда тығырықтан шығу мүмкін емес. Тығырықтан шығудың жолы тек қатаң радикалдық шараларға көшу ғана.

Мәскеу бізге қызыл сызықтан өтіп кеттіңдер дейді. Оны бірінші өткен кім? Өздері өтіп, өздері байбалам салуда. Жақында ғана мен Аваковтың баяндамасын естідім. Ресей тарапынан жасалатын түрлі сценарийлерге қатысты нақты қабылдайтын жауаптарымыз барын айтты. Қазіргі Украина 5, 6, 7 жыл бұрынғы Украина емес. Бүгін біз біздің шақыртуымызсыз елімізге келетін агрессордың мұрнын бет қылуға дайынбыз. Біз оны қаламаймыз, бірақ біз дайынбыз.

Украина НАТО-ға кіруі тиіс. Басқа амал жоқ. НАТО мүшесі болу арқылы ғана біз тәуелсіз Украинаның болашағын қалай аламыз", - деді Украинаның бірінші президенті Кравчук. 

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,
«Адырна» ұлттық порталы

 

Пікірлер