30 жылда "Ғалымдарға жағдай жасалсын!" деп бір де бір адам көшеге шықпаған

4730
Adyrna.kz Telegram
Қазақ қоғамының жаңғыруы екіталай. Неше күннен бері жұрт қыздардың маршіндегі плакаттарды талқылап әлек болып жүр.
Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылдық тарихында "Ғалымдарға жағдай жасалсын!", "Ғалымдардың құқықтары аяққа тапталмасын!", "Ғылымдағы жемқорлық тоқтатылсын!", "Ғылымдағы алаяқтар жауапқа тартылсын!", "Ғылым ел мен ұлттың болашағы!", "Ғылымсыз білім жоқ, білімсіз болашақ жоқ!", "Қазақ көзі ашық, сауатты ұлтқа айналсын!", "Қазақтың ғылыми тілі өркендесін!", "Қазақтану ғылымдарын қорлауға жол берілмесін!", "Ғалымдар мен олардың зерттеулері бюрократиядан азат етілсін!", "Әр нағыз қазақ ғалымы жалғызым!" деген бірде-бір плакат көрмедім.
Қазақ қоғамында қордаланған көптеген күрделі мәселелер ғылыми шешімді талап етеді. "Қазақ феминизмі" деген ғылыми еңбекті көрсетіңізші, оқып түсініп көрейін сол марштың нендей құбылыс пен философиясы қандай екенін. Бар ма ондай еңбек? Кім зерттепті бұл мәселені? Онда не айтылған?
Біздің елде қабылданып жатқан көптеген заңдар, қаулылар, қарарлар, тағдыршешті шешімдердің астында ғылым жоқ, олар ғылыми талдау мен сараптаманың негізінде жасалмайды, тіпті ғылым саласының өзінде көптеген талаптар логикаға қайшы, әлемнің бірде-бір елінде жоқ!
Алмас ЖҮНІСБАЙ,
Тарихшы, ғалым
Пікірлер