Ата-бабаңды құл еткеніміз үшін: АҚШ қара нәсілділерге өтемақы төлеуді бастайды

3873
Adyrna.kz Telegram

Чикаго аймағындағы Эванстон қаласы АҚШ тарихындағы қара нәсілділерге репарация төлейтін алғашқы шаһар болмақ. Бұл туралы NBC News сайты хабарлады.

Эванстон қаласының қара нәсілділеріне ата-бабаларын құл еткені үшін өтемақы төлеуді іске асырмақ. Алғашқы 10 жылдықта қала билігі 10 млн долларды осы мақсатқа жұмсайды. Алғашқы кезеңде қаладағы қара нәсілділерге баспана мәселесін реттеуіне 25 мың доллардан берілмек.

Бағдарламаға қатысу үшін қаладағы қара нәсілділер 1919-1969 жылдары Эванстонда ата-бабасы тұрғанын дәлелдейтін құжатты көрсетсе болғаны. Құжаттар жергілікті архивте сақталған. 

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер